Қарағандыда арнайы шенеуніктерге арналған емхана ашылмақ
Қарағандыда шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелеріне қызмет жасайтын арнайы емхана ашылмақ. Ол үшін облыстың дәрігерлері ғимараттың арнайы бір қабатын бөліп отыр. Атқамінерлерге ғана қызмет көрсететін 14 маман мемлекеттік қызметкерлерге сапалы әрі қолайлы жағдай жасау үшін барынша тырысатын болады. Тіпті, жұмыс кестесін де өзгертуге дайын. Ал халық онсыз да кезекті көп күттіретін ақ халаттылар енді тіптен қолжетімсіз бола ма деп алаңдайды.
Похожие видео
Показать еще