Қойлы ауыл үшін қарбалас кезең басталды HD
Атырау облысы Махамбет ауданында қысқы туыт басталды. Қой қоздап, қорада шу. Жалпы мұнайлы өлкеде соңғы жылдары ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал басын арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Ата кәсіпті жаңғыртып жүрген аймақ шаруаларымен әріптесіміз Арыстанбек Кенже кездесіп қайтты. Бүгінде қойлы ауыл үшін қарбалас кезең басталды. Сақманшы Серіктің күні бойғы уақыты қорада өтеді. Қаңтардан бастап қозылай бастаған саулықтардың күтімі мен көрінген қошақандарды тоңдырмай аман алып қалу – оның басты міндеті. Серік Жаңбыров, сақманшы -Аққозы төлбасы 31-не Жаңа жылда туды. Екінші қозы 1 қаңтарда туды. 7 қой туып тұр. Алдағы уақытта көбейеді деп отырмыз. Мына бір қозы жетім, оны енесі алмай, емізікпен бағып отырмыз. Осыны да мал қыламыз деген ойымыз бар.
Похожие видео
Показать еще