Шымкент қаласының бас жоспары нақтыланды HD

03.01.2018
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкенттің бас жоспары өзектендірілді. Қаланы дамытудың нақты жолдары айқындалды. Енді тұрғындар тығыз орналасқан орталық тұстан бастап көріктендіріліп, бюджет қаржысы осындай жобаларға бөлінетін болады. Бұл – тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасау, қазына қаржысын тиімді пайдалану мақсатында жоспарланған дүние. Шымкенттің бас жоспары 2012 жылы күзде бекітілген болатын. Сол кезде қала аумағы 41 мың гектар шамасында еді. Бертінде облыс орталығына іргелес аудандардың территориялары қосылып, аумағы 117 мың гектардан асты. Содан қаланың инфрақұрылымын дамытуға деген көзқарасты өзгерту қажет болды. Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: - Қаланы үлкен ауқымда есептесек, қаражат жетпейді. Енді есептеңіз, мыңдаған шақырым жол салынуы керек. Мыңдаған шақырым су, жарық тарту мүмкін емес. Сол себепті қаланың жақсы деңгейде болатын дүниесі болуы керек. Қала көрікті болуы керек. Әдетте қалада көпқабатты үйлер тұрғын алаптарының 70 пайызын құрауы керек. Ал Шымкентте жеке үйлер қаланың үштен екі бөлігін алып жатыр. Мұндай кезде инфрақұрылым тарту мейлінше қымбатқа түседі. Шымкент қаласын экономикалық тұрғыдан тиімді, тұрғындарға ыңғайлы ету үшін бас жоспар өзектендірілді. Инвесторларға тартымды болуы үшін орталық тұсқа инфрақұрылымды бюджет есебінен тартпақ ниет бар. Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: - Бүгінгі таңда жоспарлау жобалары жасалып, дайын тұр. Ал ол жерге ТЭН жасау, инженерлік жүйе тарту керек. Бізге қазір есептеу жеңіл. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Қаланың инвестициялық картасы жасалды. Кәсіпкерлік дамиды деген сөз. Бұл инвесторлардың қызығушылығын да арттырды. Қаланың ортасындағы Қошқар ата өзені бойындағы ескі үйлер мен ғимараттардың орнына Шымкенттің көркін асыратын нысандар салғысы келеді. Сержан Рысалы, қала тұрғыны: - Қазір ол жерге ел демалатын жерлер ашу керек. Сосын айналасындағы ескі дүниелер бар. Солардың орнына жаңа үйлер салып, қаланы көркейте түссе деймін. Бас жоспарды өзгертпестен, оны бүгінгі күн керегіне лайықтап, нақтылап жасалған жоспар шаһар билігінің қаржыны нақты жобаларға жұмсауына мүмкіндік береді. Қала қоржынындағы қаржысына лайық өмір сүру ұстанымына көшті. Көрпесіне қарай көсілмекші. Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов

Похожие видео

Показать еще