Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Алпамыс батыр жырынан үзінді оқыды HD
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев: «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатында «Алпамыс батыр жырын» оқу эстафетасын танымал журналист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мырза маған жолдаған екен. Бұл жыр бізге бала күнімізден таныс, жыр жаттап өскен ұрпақпыз. Енді осы жырды жалғастырып, шағын үзінді оқып көруге тырысайын. Енді осы эстафетаны жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов мырзаға, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев мырзаға, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаға жолдаймын.