ЖОЛ АСТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР

12.06.2014
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Кемертоған елдімекенінде жер дауы ушығып тұр. Билік тарапы жол саламыз, үйлерің заңсыз десе, қарапайым халық баспанадан айырылсақ қайда барамыз деп қамығып отыр. Әділдік іздеп шарқ ұрған жұрттың шағымын Жарас Ниязбек тыңдап қайтты. Алматы іргесіндегі кемертоғандық тұрғындардан маза қашқалы айдан асты. Сатып алынған жер телімдеріне баспана тұрғызып алған жұрт үйіміз сүрілгелі жатыр деп шу көтеруде. Бұған дейін қаладан келетін Рысқұлов пен Ақын Сара көшелері осындағы жер телімдерінің біразын басып өтетін болып, халық бір даурыққан. Енді қатар түсетін осы екі көшенің арасын жалғайтын жолдар 150-дей үйді бұзуы мүмкін деген ақпар жетті.

Похожие видео

Показать еще