«Мәңгілік ел алыбы Талғат» әдеби сағат / Литературный час «Мәңгілік ел алыбы Талғат »
Новонежин ауылдық кітапханасы Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Мәңгілік ел алыбы Талғат» әдеби сағатын назарларыңызға ұсынады. Талғат Бигелдинов – кеңестік шабуылшы -ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақстан авиациясының генерал-майоры. Кітапханашы Талғат Бигелдинов туралы өмірбаяндық және майдандық мәліметтермен таныстырып, оның майдандағы өмірінен эпизодтар мен аты аңызға айналған Аспан батырының ерліктері көрсетілді.Бұл іс-шараның мақсаты: отансүйгіштік сезімін ояту, соғыс туралы шынайы идеяларды қалыптастыру, жас ұрпақты шабуылшы -ұшқыш Т.Бигелдиновтың өмірімен таныстыру. Оның өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі.Талғат Бигелдиновтің ерліктері телебағдарламалардың, көптеген кітаптардың, деректі және көркем фильмдердің арқауы болды.