Қасқырды саудаға салған азаматқа жаза тағайындалмақ
Шығыс Қазақстандықтар төрт түлікті қойып, түз тағысын сатуға көшті. Ғаламторда қасқыр сатамын деп, хабарландыру таратқан жігіт он айлық құртқаны жүз мың теңгеге бағалаған. Тіпті сатып алушы табылып жатса, сұраған ақшасын аздап азайтатынын да айтқан. Алайда, аңды саудаламақ түгілі енді саудагер өз басын арашалап алып қалуы қиынға соғатын түрі бар.