Оңтүстікте дихандар қыруар шығынға баттық деп шағымдануда
Арысты шегіртке басты. Дихандар қыруар шығынға баттық деп шағымдануда. Айтуларынша бір мезетте лап қойған жәндіктер егістік атаулыны жайпап жатыр. Қарбыз дәнін отырғызған тұрғындар амалын жасамаса, барымыздан айрылатын болдық деп дабыл қағады.