Бішкекте белсенділер жемқорлыққа қарсы шығып, БАҚ-қа қысым жасамауды талап етті
18 желтоқсанда Бішкекте "Ала-Тоо" алаңында бейбіт акция өтіп, жиналғандар биліктен жемқорлықпен күресуді және ақпарат құралдарына қысым жасауды тоқтатуды талап етті. Бұған қоса, акцияға келгендер бас прокурор Откурбек Жамшитовты отставкаға жіберу туралы президентке жіберілетін хатқа қол жинады. Тұрғындар бас прокурор кеден қызметіндегі жемқорлық жайлы журналистік зерттеуге тиісті дәрежеде реакция танытпады деп есептейді. Видео: Azattyk Media Толығырақ: https://www.azattyq.org/a/30331775.html
Похожие видео
Показать еще