Ақтөбеде сот хатшысы өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде жиырма бес жыл бойы сотта хатшы болып қызмет еткен Ұмсын Тәджікова өз-өзіне қол жұмсаған. Оның өліміне үстінен қозғалған қылмыстық іс себеп болуы мүмкін. Облыстық соттың хабарлауынша, марқұм қызмет бабын пайдаланып, бір азаматтан шаңсорғышты сыйақы ретінде алған. Ұмсынның таныстарының айтуынша, ол сотқа айыпталушы ретінде шақырту алған күні үйінің жертөлесіне барып өз- өзіне қол салыпты. Алайда қайтыс болған хатшының туыстары мен көршілері «бұл - оған жағылған жала» деп отыр.
Похожие видео
Показать еще