Жер бар. Газ, су, жарық жоқ
Жер алдық, енді су, газ бен жарық керек. Бүгін "Жаңақоныс-2" тұрғын массивінен кезек бойынша жер алған ақтөбеліктер жергілікті билікке шағымдарын жеткізді. Мемлекеттен берілген 10 сотық жерлеріне зәулім болмаса да шағын үй тұрғызғылары келеді. Дені біреудің ескі, біреудің жаңа пәтерлерін бүгінге дейін жалдап келген. Енді ешкімге жалтақтамай өз баспаналарында өмір сүруді қалайды. Барлығы жер кезегіне 2006 жылы тұрыпты. Былтыр күзде жерлерінің қазығы қағылған. Алды үй салуды бастап кеткен. Бірақ, коммуникация жоқ. Бұл жерге көгілдір отын, су мен жарық әлі тартылмаған. "Жаңақоныс-2" тұрғын массивінен жер алғандар коммуникациялық желілер өткенше құрылыс материалдарымыз қолды бола ма деп қорқады. Иесіз дүниелерге ұры құмар. Наздарын айтып, "Нұр Отан" партиясы мен қалалық әкімдікке барған. Алайда, қанағаттанарлық жауап жоқ. Енді болмаса президентке хат жолдаймыз дейді олар. Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының сөзінше, "Жаңақоныс-2" тұрғын массивіне коммуникациялық желілер тарту үшін арнайы жоба дайын тұр. Қаржы қажет. Жаңақоныс-2 тұрғын массивінен өзге Бауырластар, Бауырластар-3, 4, Думан мен Парасат тұрғын массивтерінің де жобалары дайын. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Похожие видео
Показать еще