Оралда еріген қар суын сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр HD
Оралда бүгінгі күнге дейін 638 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24». Сорғызылған судың жалпы көлемі 10 мың текше метрден асады. Қаладағы ең қауіпті аймақтар: Екінші жұмысшы шағын ауданы, ет комбинаты, деркөл, зашаган, ескі әуежай және базар аумағы. 109 нөміріне тұрғындардан күніне 50-60 өтініш түседі екен. Су сорғызу жұмыстарына жол пайдалану кәсіпорнының 100-ден аса техникасы мен 300-ден аса жұмысшысы жұмылдырылған. Жеке кәсіпорындардың техникалары да тартылып жатыр. «Қаладағы арықтардың көбі судың өз бағытымен ағып кетуіне есептелмеген. Әрі жеке сектордағы тұрғындар өз ауласындағы қарды көшеге шығаруға енжар. Бұл да жұмысымызға қиындық келтіреді»,- дейді мамандар. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24