Әлеуметтік желіде өткізілген байқаудың жеңімпазы актер Аян Өтепбергенмен кездесті HD
Жұлдызбен жүздесу. Алматылық студент Айдана Оңғар Инстаграм әлеуметтік желісінде өткізілген байқаудың жеңімпазы атанып, отандық «Тайталас» атты сериалдың басты рөлінде ойнайтын Аян Өтепбергенмен кездесіп, кешкі асты бірге ішті. Спорт пен бәсекеге толы «Тайталас» сериалы «Хабар» арнасының эфирінен ақпан айының соңынан бастап көрсетіліп келеді. Актер мен жанкүйер кездесуі Алматыдағы «Золото» атты мейрамханада өтті. 20 жасар Айдана жас актер аянды тағатсыздана күткенін айтады. Аянның жалпы жұртқа қандай адам екені аян емес. Бір білітені, ол болашағынан зор үміт күттіретін жас актер. Осылай кездескен екі жас әңгімені «Тайталас» сериалы туралы бастады. Фильмнің басты кейіпкерінің аты Қуаныш. Былғары қолғап шебері Олимпиада чемпионы болуды армандайды. Ал әкесі ұлының кәсіби рингте өнер көрсетуін қалайды. Міне, осы жерде кейіпкер тағдырмен тайталасқа түседі.
Похожие видео
Показать еще