Тауар алғандарға тарту
Тауар алғандарға тарту. «Фиркан» ойын сауық сауда орталығы тұтынушыларына ұтыс ойынын ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Бұл жолы да осы дәстүрден айнымай келушілерге сый жасады . Бұл ойынға кез – келген адам қатыса алады. Бастысы «Фиркан» сауда орпталығынан 5 мың теңгеге тауар алса болғаны. Әр тұтынушыға ойын билеті тегін таратылған. Сауда орталығы ұтысқа 30 мың теңгелік 6 сертификатпен соңғы үлгідегі 6 Айфон телефонын тікті. Ойын әділ болу үшін жұртшылық арасынан әділ қазы алқасы сайланды. Сертификаттар таратылғаннан кейін телефон ұтысы көпшіліктің делебесін қоздырды. Алайда бұл жолы ойынға арнайы келгендер емес, үйде жатып қатысқандардың жолы болды. «Фиркан» сауда орталығында кез келген жан қажетті тауарын таба алады. Ал желідегі ойын сауық орталығында балалар ертегі әлеміне енгендей болады. Талай жылдан бері тұтынушылардың жүрегін жаулаған «Фиркан» желісі бірінші кезекте келушілерге жағдай жасайды. К. ДҮЙСЕНБІ #Фиркан