Атырау перинаталдық орталығында 9 ай ішінде 99 бала қайтыс болған HD
Олар Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы мен акушер-гинекологына «нәрестені тоңазытқыш камераға салып өлтірді» деген айып тағып отыр. Тексеру нәтижесінде анықталғандай: бала тірі туған, бірақ құжатқа «өлі» деп жазылған. Дәрігерлер кейін өз қателіктерін біліпті. Алайда сәбиді аман алып қалудың амалын жасамаған екен. Құжат негізінде «өлдіге» санап, баланы тоңазытқыш камерада қалдырған.